Ақтөбелік жастар саяси науқаннан қалыс қалмай, азаматтық жауапкершіліктерін танытты. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде орналасқан №56 учаскеге тіркелген азаматтардың басым бөлігін жастар құрайды. Бұл жерде 3000-ға жуық дауыс беруші тіркелсе, 20-тарта жас алғаш рет референдумға қатысып, таңдауын білдірді.