Ырғыз ауданының орталығынан 45 шақырым жерде орналасқан Жарма ауылына газ берілді. Ұзақ жылдан бері отынмен алысып келген ауыл тұрғындары бұл бейнеттен біржола арылды. Түтін түтетіп отырған жармалық ағайын сейсенбіде газ құбырының салтанатты түрде іске қосылу шарасын тамашалап, тарихи сәттің куәсі болды.