Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздігіміздің нышаны. Көк туымыз, елтаңбамыз, әнұранымызды қастерлеу - азаматтық борышымыз. Қадір-қасиетін арттыру да парыз. Бұл бағытта елімізде көп жұмыс атқарылды. Қазір әр бала әнұранды жаққа айтады, шетелге шыққан қазақ жастары үнемі көк туымызды жанында ұстайды. Қоғам пікірі осыған саяды.