Қала іргесіндегі Нұр Ақтөбе ауданынының 50 мыңға жуық тұрғыны бар. Алдағы уақытта халық саны 200 мыңға жетеді, -дейді қала әкімі Ілияс Испанов. Әлеуметтік нысандардан өзге мұнда халыққа қажет нысандар бой көтеруде. Оның бірі көпке қажет сауда орталығы ашылды. Өткен сенбіде Нұр Ақтөбе ауданында жаңа гипермаркет ашылды.

Нұр Ақтөбе ауданында кішігірім той . Мұнда халық саны күн санап өсіп келеді. Сауда орталықтары қажет. Жаңа гипермаркеттің ашылуына қала басшысы мен ҚР Парламент мәжілісі депутаттары да қатысты. Жергілікті тұрғындар да көп жиналды.

Жаңа сауда орталығы азық-түлік бағасын тұрақтандыруға үлес қосуы тиіс. Мұнда тауар таңдау мүмкіндігі де мол. 30 мыңнан астам өнім сатылады. Ілияс Испанов аудан тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

Аумағы 1000 мың шаршы метр гипермаркетке 15 кассалық терминал орнатылған. Ет, сүт, балық, кондитер өнімдеріне арналған сөрелер бар. Сауда орталығы  таңғы 8 бен түнгі 10- ға дейін жұмыс істейді.

Ақтөбе қаласы әкімдігі мен «Кабиев и К» ЖШС-ның арасында бірлескен келісім бар. Соған байланысты сауда орталығы халық жиі тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерге көтерме бағасынан 10 пайыздан артық қоспауы тиіс.