Жиын барысында облыс бойынша әдеп жөніндегі кеңестің атқарған жұмыстарын кеңес хатшысының меңгерушісі Мейрамгүл Бибітова баяндады.
Белгілі болғандай, енді бұдан былай аудан әкімдері әдеп кеңесінің әр отырсында мемлекеттік қызмет саласындағы заң нормаларының сақталуы және әдеп кодексінің орындалуы туралы есеп береді. Бұл жолы бірінші болып, Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов аудан бойынша осы бағыттағы жұмыстарды баяндады. Бұдан соң, Әдеп кеңесінің мүшелері Шалқар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Мақсат Әлібековке қатысты істі қарады. Ол мемлекеттік қызметкердің әдеп туралы кодексінің талаптарын бұзған. Нақтырақ айтқанда, аудан орталығындағы «Нұрай» дүкенінен алған тауарының ақысын төлемеген. Өзінің жоғары лауазымын пайдаланып, дүкен иелерінің қадір-қасиетіне тиетін сөздер айтып, қоқан-лоқы көрсеткен.
ГҮЛНӘР ҮМБЕТОВА, САУДА ОРНЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ /ШАЛҚАР ҚАЛАСЫ/
Әдеп кеңесі мүшелерінің алдында Шалқар ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы кінәсін мойындап, мұндай келеңсіздікке жол бергені үшін кешірім сұрады. Қалтамда ақшам болмады деп ақталды.
МАҚСАТ ӘЛІБЕКОВ, ШАЛҚАР АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Айта кету керек, мемлекеттік қызметкер 2014 жылдан бері басқарма басшысы лауазымын атқарып келеді. Қайыржан Тоқышев шенеуніктің бұл өрескел қылығына қатысты Әдеп кеңесінің отырысын өзі қорытындылады.
ҚАЙЫРЖАН ТОҚЫШЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Бүгінгі кеңес отырысы кезінде бұдан өзге тағы да бірнеше қызметкердің тәртіптік мәселесі қаралды. Оның бірі Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздігі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Бекеевке және Инвестициялар және даму министрлігі Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Нұрсерік Сәрсенбаевқа қатысты болды. Оған да кеңес мүшелері бірауыздан лауазым иесінің атқарып отырған қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданды.
Әлия Оразай