АЗЫҚ-ТҮЛІК ТИЕЛГЕН ЖҮК КӨЛІКТЕРІ АҚТӨБЕДЕН ЕЛОРДАҒА ЖОЛ ТАРТТЫ
Өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Астана қаласында өтетін «Дала дәмі» жәрмеңкесіне 200 тоннадан астам өнім жөнелтті. Азық-түлік өнімдері тиелген жүк көліктері кеше елордаға жол тартты. Жәрмеңке 3-4 қазан күндері Қарқаралы-1 тас жолы бойындағы «Ипподром» алаңында өтеді. Оған облыстың 12 ауданынан және қаладан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі мен қайта өңдеу кәсіпорны қатысады. Яғни, елорда тұрғындары мен қонақтарына Ақтөбеде өндірілген ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік жасамақ.