ӨҢІРЛІК ӘЖЕЛЕР КОМАНДАСЫ ҰРШЫҚ ИІРУДЕН ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Қазақстанда ұлттық өнерді жаңғырту мақсатында ұршық иіруден түрлі деңгейдегі республикалық байқаулар, «Ұршық пати» сияқты ауқымды іс-шаралар жиі ұйымдастырылып келеді. Осындай кезекті республикалық жарыс Ақтау қаласында өткізілді. Әр облыстан келген әжелер шеберлігін ортаға салды. Сайыста жалпы саны 400ге жуық қатысушы бақ сынады. Өңірдің атынан қатысқан әжелер тартысты додада топ жарып, Республикаға жолдама алды. Жеңімпаздар күні кеше өңірге оралып, жақындарымен қауышты.