ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРДЫ, ТАРИФ ҚҰНЫ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫ
Жыл басынан бері халық үшін коммуналдық қызмет тарифтері өзгерген жоқ. Бұған дейін бекітілген баға деңгейі сақталды. Ал жылыту маусымының қорытындысы бойынша кей тұтынушыларға жылу ақысы қайта есептелді. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті мәлімдеді.