Негізгі Жаңалықтар АУЫЛ АМАНАТЫ: НЕСИЕ АЛЫП, КӘСІП АШТЫ

АУЫЛ АМАНАТЫ: НЕСИЕ АЛЫП, КӘСІП АШТЫ

Ауыл — елдің алтын бесігі ғана емес, экономиканың басты қозғаушы күші. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен басталған "Ауыл аманаты" жобасы ауылдық аймақтардың әлеуетін мүлдем жаңа деңгейге көтерді. Тек алғашқы үш жылдың ішінде — республикалық бюджеттен бұл мақсатқа 150 миллиард теңгеден астам қаражат бағытталды. Бұл қарапайым тұрғындардың өз ісін ашып, тұрақты табыс табуына жол ашқан мемлекеттік қолдаудың шынайы көрінісі. Аталған жобаның игілігін көргендердің қатарында Байғанин ауданының тұрғыны Гүлжанат Тұрғалиқызы да бар. 

Бөлісу