Негізгі Жаңалықтар ЕКІ БАСҚАРМАҒА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЕКІ БАСҚАРМАҒА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Аймақта екі басқармаға жаңа басшы тағайындалды. Облыс әкімінің өкімі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Асылхан Әбтиев, ал облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып Алтынай Юнисова тағайындалды. Асылхан Әбтиев еңбек жолын: 2000 жылы «Мамыр» шаруа қожалығында агроном-есепші болып бастаған. 2001–2005 жылдар аралығында облыстың ішкі істер органдарында жұмыс істеді. Ал кейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында еңбек етіп, бөлім жетекшісі және бас маман, бөлім басшысы, сондай-ақ басқарма басшысының орынбасары қызметтерін де атқарды. Яғни, кәсіби қызметінің елеулі бөлігін өңірдің аграрлық саласымен байланыстырды. Ал Алтынай Юнисова бұған дейін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы қызметін атқарып келді. Жалпы, еңбек жолында мемлекеттік басқару, мәдениет, тіл саясаты және қоғамдық-саяси бағыттарда көпжылдық тәжірибесі бар кәсіби маман, білікті басшы бола білдірді. 

Бөлісу