АЙМАҚТА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
Биыл облыста жалпы құны 155 млрд теңгеден асатын 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олардың іске қосылуы 600-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде алты жоба пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы төрт нысан іске қосылмақ. Олардың қатарында қуаты 100 МВт болатын екі жел электр станциясы, дәрілік заттарды сақтау қоймасы және Ақтөбе станциясында рельстерді дәнекерлейтін кәсіпорын бар. Бұл туралы аймақ басшысы Асхат Шахаров облыстық мәслихаттың XXVII сессиясында айтты.