ВАКЦИНАЦИЯ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Күн салқындаса көкжөтел, тұмау, қызылша сияқты жұқпалы ауру түрлері өршиді. Ал одан айығудың ұтымды жолы - екпе алу. Денсаулық сақтау саласының мамандары аталған тақырып аясында қала тұрғындарына арналған ақпараттық-түсіндіру шарасын өткізіп, екпенің пайдасын дәріптеді. Себебі, бүгінде өз еркімен егілуден бастартатын азаматтар саны көбейген. Ал оның артында қандай қауіп тұр?