ЖАҢА ТЕАТР МАУСЫМЫ
Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрдың "Қазақ" труппасы 36-шы театр маусымын ашты. Салтанатты шарада «Қош дегім келмейді» атты жаңа қойылым сахналанды. Спектакль «Қызыл орамалды шынарым» повесінің желісі бойынша сомдалды. Сондай-ақ, театр ұжымы бұл маусымда көрерменге жаңа қойылымдар ұсынуды жоспарлап отыр.