ЖАСТАРҒА ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК
Сондай-ақ еңбек күні аясында жастарға тегін құқықтық көмек көрсетілді. "Жұмыс тап" модульді орталығында ұйымдастырылған шарада заңгерлер мен сот орындаушылары тұрғындардың сауалына жауап берді. Мамандар еңбек қатынастарынан бастап, алимент, берешек өндіру және сот шешімдерінің орындалуына дейінгі мәселелер бойынша кеңес берді.