БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ
Еңбек күніне орай қалада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жұмыс іздеген азаматтарға 20-дан астам кәсіпорын мен мекеме 180-нен астам бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеде жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, сұхбаттасуға мүмкіндік жасалды.