ЕҢБЕКПЕН КЕЛГЕН ҚҰРМЕТ
Қыркүйек айының соңғы жексенбісі - Еңбек күні. Осыған орай облыстық ғылыми кітапханада кездесу кеші ұйымдастырылды. Шараға түрлі салада ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, кәсіби жетістіктерімен елге танылған ардагерлер мен еңбек майталмандары арнайы шақырылды.