Негізгі Жаңалықтар ҮНСІЗ ӘЛЕМНІҢ СЫРЛЫ ҮНІ...

ҮНСІЗ ӘЛЕМНІҢ СЫРЛЫ ҮНІ...

Үнсіз әлемнің сырлы үні... Осындай атаумен Халықаралық саңыраулар күніңе орай қалада концерттік шара ұйымдастырылды. Онда көрермен назарына би, аспаптық музыка, клоунада және ым-ишара тілі арқылы орындалатын әндер ұсынылды. Әр шығармашылық ұжым өз өнері арқылы есту қабілеті бұзылған жандардың шығармашылық мүмкіндіктері мен талантын танытып, өнердің адам жүрегін біріктіретін ерекше күш екенін көрсетті. Сонымен қатар, шара барысында есту мүгедектігі бар талантты жандардың қолынан жасалған бұйымдардың көрмесі де өтті. Көрме арқылы қатысушылардың шығармашылық еңбегін көпшілікке таныстырып, олардың қолөнеріне қолдау көрсетуге мүмкіндік берілді. 


Бөлісу