Негізгі Жаңалықтар ОБЛЫС ӘКІМІ АУДАН АКТИВІНЕ ЖАҢА ӘКІМДІ ТАНЫСТЫРДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ АУДАН АКТИВІНЕ ЖАҢА ӘКІМДІ ТАНЫСТЫРДЫ

Бүгін Мәртөк ауданына да жаңа әкім тағайындалды. Бұл жолы лауазымды қызметке Нұржан Мақсатов лайық деп танылды. Ол еңбек жолын 2014 жылы облыстың индустриялық-инновациялық даму басқармасының іс қағаздарын жүргізу инспекторы болып бастады. 2014 – 2020 жылдар аралығында аталмыш басқармада бас маман, кейін бөлім басшысы болып қызмет атқарды. 2020 жылы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болса, 2022 жылдан бастап күні бүгінге дейін аталған басқарманың басшысы қызметін атқарып келді. Енді міне облыс әкімі Асхат Шахаров Мәртөк ауданы активіне оны жаңа әкім ретінде таныстырды. 

Бөлісу