АЙМАҚТА АСТЫҚ ТҮСІМІ АРТТЫ
Аймақта да егін ору науқаны аяқталуға таяды. Бүгінде дәнді дақылдардың 92,6 пайызы жиналып, 562 мың тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 14,2 центнерді құрап отыр. Бұл былтырмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Ендігі межелі жоспар барысы кезекті аппарат отырысында талқыланды.