ДАРЫНДЫЛАР ШЫҢДАЛҒАН ШАҢЫРАҚ
Мақсот Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернаты екі жыл қатарынан облыстық пәндік олимпиада бойынша «Үздік олимпиадалық команда» атанды. Ал республикалық кезеңнің нәтижесінде білім ордасы Қазақстандағы үздік 100 мектептің қатарына енді.