ҚАРИЯЛАР ҚАТАРДАН ҚАЛМАЙДЫ
Белсенді өмір сүру орталығы - егде жастағы жандарға жаңа серпін сыйлаған орта. Мұнда зейнеткерлер таң атысымен скандинавиялық серуенге шығады, орталықта йогамен айналысып, дене шынықтыру жаттығуларын жасайды. Шығармашылыққа жаны жақын жандар үшін тігін, кескіндеме үйірмелері де бар.