КІШІ АВИАЦИЯ
Ақтөбе облысында кіші авиацияны дамыту үшін L-410 ұшақтарын сатып алу жоспарлануда. Облыс әкімі бұл ұшақтарды жеткізу мәселелерін чех компаниясының басшылығымен кездесу барысында талқылады. Директорлар кеңесінің төрағасы Артем Мовсесян компанияның мамандар даярлау және әуежай инфрақұрылымын жабдықтау саласындағы мүмкіндіктері туралы айтып берді.