Негізгі Жаңалықтар БІЛІМ ОРДАЛАРЫН ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТУҒА 9,2 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

БІЛІМ ОРДАЛАРЫН ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТУҒА 9,2 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Биылғы оқу жылын білім ордалары бірқатар өзгерістермен бастады. Өңірдің 411 мемлекеттік мектебінде тегін тамақтану ұйымдастырылуда. Аталған мақсатқа мемлекет тарапынан 9,2 млрд теңге бөлінді. Бұл тұстағы қаржыландыру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 900 млн теңгеге жоғары. Сонымен қатар, жаңа стандартқа сәйкес арнайы ас мәзірі әзірленіп, жас ерешеліктеріне қарай тамақтану құны да бекітілді. 

Бөлісу