Негізгі Жаңалықтар ЖАУЫНГЕР-ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТЕР ҚҰТТЫҚТАУЫ 

ЖАУЫНГЕР-ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТЕР ҚҰТТЫҚТАУЫ 

Қарттар күнінде жауынгер - интернационалистер өздерінің аға әріптестерін құттықтады. Ауған соғысының ардагерлері іс-шара ұйымдастырып, онда белсенді қоғамдық қызметті талқылап қана қоймай, марапаттау рәсімін өткізді. Атап айтқанда, 15 адам ардагерлер қауымдастығы атынан алғыс хат алды. Айта кеткен жөн, Ақтөбе облысынан Ауғанстанға жергілікті қақтығыс кезінде 1 742 адам жолға шықты. 36 жауынгер әртүрлі дәрежеде жарақат алып, 26 жерлесіміз қаза тапты. Қазір облыста барлығы жеті жүзге жуық интернационалист жауынгер тұрады. 

Бөлісу