Жаңа Конституцияда адами капиталға басымдық беріліп, жастардың білім алу, кәсіби өсу және идеяларын іске асыру мүмкіндіктері кеңейтілген. Олардың саяси белсенділігіне қолдау көрсетіліп, партиялық және құрылтай қызметіне қатысу мүмкіндігі беріледі. Жастардың идеялары мен бастамаларына қолдау көрсету арқылы инновациялық әлеуетті іске асыруға жағдай жасалады.Сонымен қатар, волонтерлық бастамалар да жоғары деңгейде қорғалады.