Ақтөбелік асықшылар республикалық чемпионаттан жүлделі оралды. Астана қаласында ересектер арасында тұңғыш рет, жаңа форматта ұйымдастырылған Ел чемпионатында өңір намысын қорғаған спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді. Жарыста жалпы саны 19 команданың 18-ін жеңіп, оқ бойы оза шапқан жеңімпаздарды қарсы алу рәсіміне арнамыздың түсірілім тобы да қатысып келді. Айтайық, облыстық асық ату федерациясы осыдан төрт жыл бұрын құрылып, өз жұмысын бастады. Осы аралықта асығы алшысынан түсіп, жеңіс тұғырынан көрініп жүргендер көп. Аталған спорт түрі өңірде қарқынды түрде дамып келеді.Ақтөбелік асықшылар республикалық чемпионаттан жүлделі оралды. Астана қаласында ересектер арасында тұңғыш рет, жаңа форматта ұйымдастырылған Ел чемпионатында өңір намысын қорғаған спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді.

Жарыста жалпы саны 19 команданың 18-ін жеңіп, оқ бойы оза шапқан жеңімпаздарды қарсы алу рәсіміне арнамыздың түсірілім тобы да қатысып келді.

Айтайық, облыстық асық ату федерациясы осыдан төрт жыл бұрын құрылып, өз жұмысын бастады. Осы аралықта асығы алшысынан түсіп, жеңіс тұғырынан көрініп жүргендер көп. Аталған спорт түрі өңірде қарқынды түрде дамып келеді.