Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы дағдарыс орталығында тәрбиеленіп жатқан балалар үшін ашық аспан астында танымдық әрі көңілді шара ұйымдастырды. Балалар сүйікті кітаптарын оқып, шығармашылық қабілеттерін сурет салу арқылы көрсетті. Сондай-ақ волейбол ойнап, таза ауада сергіп, қызықты уақыт өткізді. Мақсат - бүлдіршіндердің кітапқа деген қызығушылығын арттырып, бос уақытын мазмұнды әрі пайдалы ұйымдастыру. Кітапхана ұжымы осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтады.