Концерт енді сахнада ғана емес, сіздің аулаңызда. Ақтөбеде «Аула әуені» жобасы басталды. Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармониясы игі бастаманы қолға алды. Оның аясында Қазақ камералық хор ұжымы тұрғындардың өтініші бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында концертмейстердің сүйемелдеуімен жанды дауыста концерттік бағдарлама ұсынбақ. Енді кәсіби хор ұжымының өнерін тамашалау үшін концерт залына барудың қажеті жоқ – концерт көрерменнің өз ауласына келеді.

Айта кетейік, бұл жоба – кәсіби өнерді халыққа жақындатуға бағытталған