Экономикалық тергеп - тексеру департаменті цифрлық қауіпсіздік мәселелері бойынша ашық есік күнін өткізді. Жоба барысында оқыту тренингтері ұйымдастырылды. Жеке деректерді қорғау, интернет алаяқтықтың, қаржы пирамидаларының, киберқауіптердің алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жыл басынан бері дропперлік деректер бойынша 200-ден астам қылмыстық іс тіркелген.