Ақтөбеге Димаш Құдайбергеннің швейцариялық жанкүйері келді. Қазақ мәдениетін шетелде насихаттап жүрге Эстер Ульман алдымен әнші оқыған М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясына
барды. Шетелдік мейман мектеп мұражайына кіріп, білім ордасының тынысымен танысты. Мектеп ұжымы талантты перзенттің балалық шағы мен өмір жолында бағындырған белестерінен сыр шертті. Эстер Ульман танымал әнші мен Қазақстан жайлы кітап жазғанын тілге тиек етіп, жанкүйері ретінде Димаш Құдайбергеннің концерттерін үзбей қарайтынын жеткізді.