Вьетнамда өткен Азия чемпионатынан ақтөбелік спортшы елге жеңіспен оралды. Жаңажол Қуанышбек - жасөспірімдер арасындағы құрлық біріншілігінде, 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап, үздік нәтиже көрсетті. Спортшы финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, шешуші сәтте Қырғызстандық Арсен Шараповты 2:0 есебімен жеңді. Осылайша, ол Азия чемпионатындағы 3-ші алтынына қол жеткізді. Осылайша, жеңіспен оралған жас спортшыны Ақтөбе әуежайынан жаттықтырушылары мен достары, жақындары күтіп алды.