Жылдағы дәстүр бойынша биыл да қалада жаңа жылыту маусымына қызу дайындық жүріп жатыр. Өткен 18 мен 22 мамыр аралығындағы сынақ жұмыстары бойынша салаға жауапты мамандар жылу желілерінен 17 ақауды анықтаған болатын. Күні бүгінге дейін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде ақаулар толықтай жойылды.