Аймақта кәсіпкерлерді еліміздің басты сапа байқауларына дайындау жұмыстары қарқын алды. Облыстық кәсіпкерлер палатасында Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы мен "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-байқауына қатысу тәртібі бойынша оқыту семинары өтті. Шараға өз өнімдерін республикалық деңгейде танытып, беделін арттыруға ниетті өңірдің 30-ға жуық жетекші тауар өндірушісі қатысты.