Аймақта қуаттылығы 100 МВатты құрайтын жаңа жел электр станциясы салынады. Жоба іске асса - Қазақстан мен Италияның «жасыл» энергетика саласындағы табысты ынтымақтастығының жарқын үлгісі болмақ. Бұл туралы облысы әкімінің «Plenitude Kazakhstan» ЖШС бас директоры Федерико Пульеземен кездесуінде айтылды.