Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған облыстық ақпараттық-насихат тобы алғашқы жұмыс сапарымен Мәртөкке барды. Аудан орталығында өткен форумға қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Кейін аудан активімен кездесіп, "Мемлекеттік қызмет туралы" жаңа заң нормалары мемлекеттік қызметшілерге таныстырылды. Сондай-ақ, топ өкілдері аудан тұрғындарын қабылдап, азаматтар тарапынан туындаған сауалдарға жауап берді.