Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған "Зерделі ұлт" тұжырымдамасы қоғамның интеллектуалдық және мәдени деңгейін көтеруге бағытталған. Ал оны жүзеге асыруға кітапхана қызметкерлерінің қосар үлесі мол. Бүгін Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық кітапханада 12 аудандық, 4 облыстық және қала кітапханаларының мамандары бас қосып, семинар-тренингке қатысты. Жиында саладағы өзекті мәселелер және заман талабына бейімделу мәселелері талқыға түсті.