Ақтөбеде Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бақдәулет Өрбісіновтің 100 жылдығына арналған еркін күрестен жасөсіпірімдер XV ашық турнир өтті. Дәстүрге айналған дүбірлі додаға аймақтағы 12 аудан мен Батыс Қазақстан облысынан және Ресей Федерациясынан келген 250 спортшы қатысты.