Шаһарда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және экологтар күніне орай "Таза Қазақстан" акциясы аясында кәсіби сала мамандары мен
табиғатты қорғауға елеулі үлес қосқан азаматтар, эко-волонтерлер марапатталды. Салтанатты жиын барысында жыл басынан бері қолға алынған өңірдің экологиялық бастамалары мен жобалары және оған белсенді қатысқан табиғат жанашырларының еңбегі дәріптелді. Аймақтың экология саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, алда атқарылар ілкімді жұмыстар жайы айтылды.