Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев, «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин баяндама жасады.
Алқалы жиынға облыс әкімі Асхат Шахаров пен аймақ шаруалары онлайн форматта қатысты. Шаруалар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау аграрлық сектордың тұрақты дамуына оң әсер етіп отырғанын атап өтті.