Аймақта соңғы 2 жылда спорт саласында 19 ауқымды жоба іске асты. Нәтижесінде заманауи үлгідегі жаңа ғимараттар бой көтерді. Ал биыл тағы 11 жоба қолға алынған. Оның бірқатарында құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа беріліп те үлгерген. Солардың бірі - инклюзивті спортты дамытуға арналған «Қуат» спорт кешені. Бүгінде спорт нысанына физикалық мүмкіндіктері шектеулі 500 астам адам қатысады.