Жатыр мойны обырының алдын алу – қоғам назарындағы өзекті тақырыптардың біріне айналып отыр. Осы бағытта өткен дөңгелек үстелде қауіпті дерттің алдын алудағы көшбасшы әйелдердің рөлі мен халықты ақпараттандыру мәселесі кеңінен талқыланды. Мамандардың айтуынша, аурудың алдын алудың ең тиімді жолы – дер кезінде вакцина алу және тұрақты түрде медициналық тексерістен өту