Облыстық Полиция Департаменті қоғамға қалтқысыз қызмет етіп, ел үшін тынбай еңбек етіп жүрген қызметкерлерді марапаттады. Салтанатты жиын барысында атаулы күннің маңызы айтылып, отанға деген адалдық пен патриоттықты ту еткен ел азаматтары марапат алып марқайды. Ел басына күн туғанда ерлермен иық теңестіріп қызмет етер батыр қыздар да алғысқа ие болды.