Аймақта көктемгі егіс науқаны қызу жүріп жатыр. Шаруалар егістік алқабында жер жыртып, тұқым себу жұмыстарын қолға алды. Облыс бойынша 800 мың гектар алқап болса, оның 506 мың гектарына дәнді дақылдар өсіру жоспарда. Ірі астық өсіретін аудандар қатарында Мәртөк ауданы да бар. Мұнда бірнеше шаруа қожалықтары егістік жұмыстарын бастап та кетті.