№17 «Шұғыла» балабақшасында «Балалар әлеміндегі қауіпсіз болашақ» тақырыбында іс-шара өтті. Оған тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналары қатысты. Шара барысында бүлдіршіндерге арналған танымдық әрі қызықты ойындар мен тапсырмалар ұйымдастырылып, олардың қауіпсіздік туралы түсінігін кеңейтуге ерекше мән берілді. Әсіресе, жол қозғалысы ережелерін үйрету көрнекі әрі тартымды түрде жүргізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын ерте жастан қалыптастыру – маңызды міндеттердің бірі. Мамандар мұндай мазмұнды кездесулер балалардың қоршаған ортада дұрыс бағдар тауып, өздерін сенімді сезінуіне жол ашатынын атап өтті.