Отбасы - тыныштық пен бақыттың ордасы. Бүгінгі қоғамда оны керісінше ұрыс алаңына айналдырып алған ерлі-зайыптылар көп. Аймағымыздың өзінде жыл басынан бері 60-тан астам тұрмыстық жанжал барысында ұрып-соғу дерегі тіркелген. Басым бөлігінде әйелдер зорлық-зомбылықтың құрбаны болған. Сондықтан облыста тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары күшейді. Тәртіп сақышылары отбасында туындайтын түсінпеушіліктерге басты себеп - азаматтардың ішімдікті жиі тұтынуы, дейді. Қазіргі уақытта мұндай отбасылар арнайы есепке алынған. Оларға тұрақты түрде бақылау жұмыстары жүргізіліп отырады.