Дүниежүзілік денсаулық күні аясында жастар марафоны өтті. Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау. Қаланың орталық алаңында өткен марафон бағдарламасына дене жаттығулары, түрлі эстафеталар енгізілді. Сонымен қатар қатысушылар үшін тегін медициналық тексерулер ұйымдастырылды. Мамандар тұрғындардың қан құрамындағы қант пен холестерин деңгейін тексеріп, жалпы денсаулық жағдайына баға берді.