Бүгінде облыстағы республикалық маңызы бар 9, жергілікті маңызы бар 863 ескерткіш мемлекет қорғауында. Жоспарлы жұмыстар аясында нақ осы кесенелер, мешіттер, қорғандар мен тарихи-мәдени тұлғаларға арналған ескерткіштерді қалпына келтіру жүргізілуде. Мәселен, биыл Досжан ишан мемориалдық кешенінің аумағында этноауыл мен ашық аспан астындағы музей құрылады.