Облыста 528 дауыс беру орны бар. Оған қоса бүгін сағат 12:00-ге дейін үйден дауыс беруге өтініштер қабылданып, бірқатар азаматтар таңдау жасады. Ақтөбеде жүрген өзге өңір азаматтары есептен шығару куәлігі мен жеке құжатын көрсету арқылы кез-келген дауыс беру орнында таңдау жасай алады. Сонымен қатар, бірнеше жерде азаматтардың жұмысына байланысты дауыс беру бір сағат ерте басталды. Мүгедектігі бар жандардың да жайы ескерілген.