РЕФЕРЕНДУМ-2026
Қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы Бақтыбай Қисықов Жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумға қатысты. Белгілі спортшы дауыс беру учаскесіне келіп, азаматтық борышын орындады. Елдің болашағына бей- жай қарамайтын әр адам өз таңдауын жасауы керек. Халықтың бірлігі мен елдің тұрақты дамуы бәрінен жоғары, -дейді ол. Бақтыбай Қисықов мұндай маңызды кезеңдерде халықтың белсенділігі ерекше рөл атқаратынын жеткізді.