Наурыз мейрамы аясындағы онкүндікте 700 мың көрерменді қамтитын 1600 шара өтеді. Мейрамның басты алаңы - "Қазақ халқына мың алғыс" стелласы. 14-23 наурыз аралығында ұйымдастырылатын мерекелік жиындардың алғашқысы "Көрісу күні" болмақ. Бұл күні өңірімізде Қазақстанның халық әртісі, Еңбек ері Роза Рымбаева өнер көрсетеді.